Мәнерлеп сырғанау: Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Азия ойындарында бесінші орын алды

Мәнерлеп сырғанау: Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Азия ойындарында бесінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 20:24 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ел намысын мұздағы би бағдарламасында қорғады. Ал 12 ақпанда спортшылар еркін би бағдарламасы бойынша өнер көрсетті.

Датиев пен Наурызова 87,14 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны 142,16 болып, олар қорытындысы бойынша бесінші орынға орналасты.

Алтын медальді Жапонияның жұбы Утана Ёшида мен Мамая Морита иеленді – 173,31 ұпай. Екінші орын Қытайдың Юнфей Рен мен Чжанинь Ксинь жұбына бұйырды – 171,25 ұпай. Қола медаль жапондықтар Азуса Танака мен Шинго Нишиямаға берілді – 163,71 ұпай.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: