Дубайдағы WTA-1000 турнирі: Рыбакина жартылай финалда ресейлік теннисшіге жол берді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 21 ақпанда жартылай финалда ресейлік Мира Андреевадан жеңіліп, Дубайда өткен WTA-1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Матч үш сетте де жалғасып, есеп 4:6, 6:4, 3:6 болды.
Екінші сетте жеңіске жеткеніне қарамастан, Рыбакина бұл басымдығын ары қарай сақтай алмады және шешуші партияда қарсыласына жол берді.
Финалда Андреева чех теннисшісі Каролина Мухова мен даниялық Клара Таусонның бірімен кездеседі.
Another LEVEL 😱😱😱😱
— wta (@WTA) February 21, 2025
Mirra Andreeva secures the first set 6-4 over Rybakina! #DDFTennis pic.twitter.com/iefPZAxgNp
Сыйақы қоры 3 664 963 доллар болатын бұл турнир 16-22 ақпан аралығында өтеді. Қазіргі чемпион - итальяндық Жасмин Паолини, ол өткен жылы финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген (4:6, 7:5, 7:5).
20 ақпанда ширек финалда Елена Рыбакина америкалық София Кенинді (WTA №56) 6:2, 7:6(2) есебімен жеңген болатын..
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript