Шайдоров пен Самоделкина ірі халықаралық жарыстардан кейін елге оралды

Шайдоров пен Самоделкина ірі халықаралық жарыстардан кейін елге оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 18:15 Сурет: instagram/sport_comiteti
Мәнерлеп сырғанаудан бірқатар ірі халықаралық жарысқа қатысқан ерлер мен әйелдер құрамасының көшбасшылары Михаил Шайдоров пен Софья Самоделькина Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәнерлеп сырғанаушыларымыз елге құр алақан қайтпады, өздері қатысқан барлық жарыста лайықты өнер көрсетті.

Әсіресе, Михаил Шайдоров биылғы маусымда сәтті өнер көрсетіп келеді.

Алдымен Туринде (Италия) өткен қысқы Универсиадада 4-орын алса, одан кейін Қытайдың Харбин қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ал жақында Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Шайдоров Италияда өткен қысқы Универсиадада ала алмаған медальді София Самоделкина жеңіп алды.

Ол Туриндегі қола жүлде жеңіп алғаннан кейін 18 жасқа толды.

Самоделкина Сеулде өткен Төрт құрлық чемпионатында осы маусымдағы жеке рекордын орнатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: