Ризабек Айтмұхан Алматыдағы турнирде Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды

Ризабек Айтмұхан Алматыдағы турнирде Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 14:32 Сурет: olympic.kz
Алматыда күрестен PWL-8 турнирі өтті. Турнирдің шешуші белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшылар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Снайдер 8:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, америкалық балуан бұл турнир аясында екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковті жеңген еді.

Сонымен қатар бүгін 76 келіге дейінгі салмақта Жәмиля Бақбергенова мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков те боз кілемге шықты.

Жәмиля қырғызстандық Айпери Медетқызына жол берсе, Дәулетбеков беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: