Халықаралық олимпиада комитеті World Boxing федерациясын уақытша мойындады

Геннадий Головкин, Халықаралық олимпиада комитеті,  World Boxing федерациясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 22:36 Сурет: ҚР ҰОК
26 ақпанда Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) World Boxing халықаралық федерациясын уақытша мойындағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл шешімге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин пікір білдірді.

"ХОК-нің уақытша мойындауы – маңызды жетістік және біздің спорт дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Болашақ спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін біздің ортақ мақсатымыз – адалдық пен бейтараптық қағидаттарына негізделген Халықаралық федерация құру. Барлық мақсаттарымызға жету үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз керек, сондықтан біз осы жетістігімізбен шектелмейміз," – деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, World Boxing Олимпиадалық комиссиясы 2024 жылдың қыркүйек айында ХОК-пен өзара іс-қимыл жасау және боксты Олимпиада бағдарламасына қайтаруға ықпал ету мақсатында құрылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: