World Boxing рейтингісінде төрт қазақстандық боксшы көш бастап тұр

Бокс, рейтинг, World Boxing, Санжар Тәшкенбай, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 22:00 Сурет: olympic.kz
World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартылған рейтингте:

  1. Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін),
  2. Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін),
  3. Наталья Богданова (70 келіге дейін),
  4. Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) көш бастады.

Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) екінші сатыға жайғасты.

Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ үздік ондыққа мына спортшылар кірді: Сабыржан Аққалықов (4-орын, 75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (4-орын, 80 келіге дейін), Надежда Рябец (4-орын, 80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (6-орын, 60 келіге дейін), Виктория Графеева (6-орын, 60 келіге дейін), Елдана Тәліпова (7-орын, 80 келіден жоғары), Ертуған Зейнуллинов (9-орын, 65 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (9-орын, 85 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (9-орын, 90 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (10-орын, 70 келіге дейін).

Бұған дейін FIFA-ның жаңартылған рейтингісі жарияланғанын, онда Қазақстан нешінші орында тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: