Бокстан кіші әлем чемпионатында түрік қызы қазақ қызынан басым түсті

Болгария астанасы Софияда "Кіші әлем чемпионаты" өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Ұлдана Таубай рингке шығып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/8 финалда 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Таубай Түркияның өкілі Берфин Кабакпен бақ сынасты.
Қазақ қызы төрешілердің бірауыздан шешімімен жекпе-жекте жеңіліс тапты. Екінші раундта Ұлдана екі рет нокдаунға кетті.
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің World Boxing федерациясын уақытша мойындағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript