Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды

Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы екі жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 17:10 Сурет: Internatinal judo federation
Қазақстандық дзюдошы Мұхаммедәлі Жылқайдар Софияда (Болгария) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші кездесуде Жылқайдар Ресей спортшысы Рахим Хамхоевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Сол салмақ дәрежесінде Ролан Қайрғали канадалық Анечка Матиды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында төрт жүлде бар: бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медальді, ал Арман Мыса (50 келіге дейін) қола жүлдені иеленген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: