Шетелдік БАҚ Асу Алмабаевтың жеңіліске ұшыраудағы себебін атады

Танымал спорттық басылым - MMA Junkie қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, кеше Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 253 турнирінде анголалық Манел Капе (21-7) қазақстандық файтер Асу Алмабаевты (21-3) жеңіп кетті.
"Манел Капе төреші Майк Бельтранның көзді шұқып алу тәсілін елеусіз қалдырғаннан кейін Асу Алмабаевты нокаутқа жіберді", деп Sports.kz MMA Junkie басылымының жазғанын келтіреді.
Салдарынан Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне тап болды, бұған дейін ол 4-0 промоушнында "таза" рекордқа ие болып келген.
Капеге келетін болсақ, анголалық файтер лигадағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, статистикасын 6-3-ке дейін жақсартты.
Айта кетсек, жекпе-жек алдында Капе UFC рейтингінде ең жеңіл салмақта алтыншы, ал Алмабаев сегізінші орында тұрған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript