Қазақстанның шорт-тректен 2025 жылғы Азиада жеңімпаздары Әлем чемпионатына да қатысатын болды

Шорт-трек, 2025 жылғы Азиада жеңімпаздары, Әлем чемпионаты, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 19:59 Сурет: ҚР ҰОК
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Петр Гамидов Бейжіңде (Қытай) өтетін алдағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың есімін атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ұлттық құрамаға он спортшы енген. Жүлде үшін Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжғалиева бақ сынайды.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Астанада әлем чемпионатына соңғы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Команда 8 наурызда Бейжіңге аттанады.

Әлем чемпионаты 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Еске сала кетейік, өткен жылы әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігінде шорт-тректен жүлде алған алғашқы қазақстандық атанған еді.

Бұған дейін Қазақстанның үш гимнасты Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына шыққанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: