Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды

Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы бір қазақстандық гимнаст финалға жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2025 15:49 Сурет: olympic.kz
Әзербайжанның Баку қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі аясында ат снарядындағы жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кезеңге Қазақстан құрамасынан екі гимнаст қатысқан болатын. Нәтижесінде Зейнолла Ыдырысов финалға жолдама алды.

Ол 14,133 ұпай жинап, төртінші орынмен келесі кезеңге өтті.

Ал Ілияс Әзізов (13,133 ұпай) финалға бір қадам жетпей, тоғызыншы орын алды. Финалға сегіз гимнаст өткен еді.

Айта кетейік, 7 наурызда Милад Карими (еркін жаттығулар), Ілияс Әзізов және Дмитрий Потанин (екуі де қоссырықтағы жаттығулар) сәтті іріктеуден өткен болатын.

Финалдық сайыстар 8 наурызда басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: