Шорт-тректен ӘЧ-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы жүлдеге таласатын болады

Шорт-трек, Әлем чемпионаты, Қазақстан әйелдер құрамасы, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 14:59 Сурет: olympic.kz
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің спортшылар 3000 метрлік эстафета жарысының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Өз жарысында Қазақстан құрамасы үшінші болып мәреге жетті, алайда Қытай құрамасына пенальти берілді.

Осылайша, қазақстандықтар екінші орынға көтеріліп, А финалына шықты.

Бұған дейін Қазақстан спортшысы екінші мәрте шорт-тректен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: