Елдана Тәліпова бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орынды иеленді

Елдана Тәліпова Сербиядағы бокстан әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 01:18 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін Елдана Тәліпова Ниш қаласында (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы әлем чемпионатында 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Отандасымыз финалда Қытай спортшысы Чжан Иляньмен жұдырықтасты. Төрешілердің шешімі бойынша Чжан Илянь басым түсті.

Осылайша Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлде иеленген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: