Юлия Галышева мен Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өтті

Юлия Галышева мен Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2025 18:10 Сурет: olympic.kz
Энгадинде (Швейцария) фристайл-могулдан әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы атынан чемпионатқа Юлия Галышева, Анастасия Городко және Юлия Феклистова қатысты.

Іріктеу кезеңінен өту үшін үздік 20 спортшының қатарына ену қажет болды. Нәтижесінде, Галышева тоғызыншы орынға, ал Городко 15-орынға ие болды. Осылайша, олар негізгі жарыстарға жолдама алды.

Феклистова жарысты  24-орынмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: