Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Грециядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2025 17:41 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және шоқпар таяқшаларымен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: