Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2025 14:39 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ски-альпинизмнен Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен Азия кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің спортшылар жалпы жеті медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын.

Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанзақов күміс жүлдеге ие болса, Денис Власов қола медаль иеленді.

Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алды. Нияз Жанзақов екінші орынға тұрақтаса, Шыңғыс Байкашев төртінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: