Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 21:59 нәтижесімен жарысты бірінші болып аяқтап, алтын медаль иеленді. Гор Депершмидт 22:04 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Қыздар арасындағы жарыста Алуа Нұрмұхамет 25:26 уақыт нәтижесін тіркеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Калерия Шнайдер 25:48 нәтижесімен екінші орын алды. Ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бір күн бұрын ересектер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript