Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде екінші медалін жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. 01:34:56 уақыт көрсеткен Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко екінші сатыдан көрінді.
Румыния құрамасы 01:34:31 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті 01:35:42 уақыт көрсеткішімен Түркия құрамасы түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін Диана Ержанова жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript