Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 19:46 Сурет: olympic.kz
Триатлоннан Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс жүлдені румыниялық Тунде Кришан (35:48) иеленсе, қола медаль италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.

Қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (36:13) орын алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: