Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогының қола жүлдегері атанды

Арлан Жаңабай, триатлон, Қытай, Азия кубогы, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2026 13:58 Сурет: olympic.kz
Триатлоннан Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жарыс жолын 54:43 уақытта еңсеріп, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Алтын медальді ресейлік Роман Минеев иеленді - 54:31. Қытай спортшысы Минсюй Ли 54:34 уақыт көрсеткішімен екінші орын алды.

Сондай-ақ Аян Бейсенбаев жарысты 11-орынмен аяқтады (55:17). Максим Шмулич 26-нәтиже көрсетті (56:13), ал Темірлан Теміров 28-орынға тұрақтады (56:35).

Бұған дейін әртістік жүзуден Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жүлдесіне қол жеткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: