Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 17:16 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 келі) еркін күрестен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: