Қазақстандық төрт оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық төрт оқушы шахматтан әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2025 17:50 Сурет: instagram.com/kzchessfederation
20–28 наурыз аралығында Сербияда классикалық шахматтан мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дарындар сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, отандық оқушылар төрт алтын, үш күміс және бір қола медаль иеленді.

2025 жылғы әлем чемпиондары:

  • Абдул-Мәлік Қайрат (U7, Астана);
  • Алишa Бисәлиева (G9, Астана);
  • Әлімжан Жауынбай (U11, Астана);
  • Артем Богданов (U17, Алматы).

Күміс жүлдегерлер:

  • Нұрислам Сұлтанхан (U9, Түркістан облысы);
  • Ханзада Аманжол (G13, Ақтөбе облысы);
  • Малика Жаппарбекова (G15, Астана).

Қола жүлде:

  • Нұрмұхаммед Қабиназар (U15, Алматы).
"44 елден келген 470 қатысушының ішінде Қазақстан командалық есепте 1-орын иеленді! Чемпиондарды, жаттықтырушыларды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — тек бастамасы", - делінген федерация таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: