Майамидегі турнирде теннисшілер қанша ақша тапты

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2025 13:15 Фото: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісі АҚШ-тағы WTA-1000 турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің жарыстан қанша табыс тапқандары жайлы ақпарат дайындады. Бұл жолы пайдаға кенелгендердің көшін Арина Соболенко бастап тұр. Толығырақ ақпаратта.

Sportskeeda деректеріне сүйенсек, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Miami Open-ге қатысып, 1 млн 124 мың доллар табыс тапты. Ал, оның финалдағы қарсыласы Джессика Пегула 600 мың долларды қанағат тұтты.

Сурет: j48tennis

Қазақстандық Елена Рыбакина турнирде екінші айналымнан бастап өнер көрсете бастады. Тек бір матч өткізген ол 35 мың долларға жуық табыс тапты.

Жартылай финалистер 333 мыңға жуық қаражат иеленсе, ширек финалға шыққандар 190 мың долларға жуық ақша алды.

Рыбакинаның 17 жастағы ізбасары Мирра Андреева турнирді үшінші айналымда аяқтаған басқа теннисшілермен бірге 60 мың доллар табыс тапты. Ал жарыстың басында шыққан спортшылар 19 мың доллардан алды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: