Валерий Рахимжан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетті

Валерий Рахимжан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінің финалында өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2025 22:51 Сурет: olympic.kz
Буэнос-Айресте (Аргентина) нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жарыс аясында Қазақстан құрамасының өкілі Валерий Рахимжан финалға жолдама алды.

Ол 10 метрге пневматикалық тапаншамен атудан сәтті өнер көрсетті.

Финалдық бәсекеде Рахимжан сегізінші орынды иеленді. Бірінші орынды қытайлық Ху Кай, екінші орынды ресейлік Антон Аристархов, ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Джейсон Солари жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: