Қазақстандық мергендер Аргентинадағы Әлем кубогы кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстан құрамасы стенд атудан Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айжан Досмағамбетова мен Әлішер Айсалбаев аралас командалар арасындағы (трап) жарыста сәтті өнер көрсетті.
Қола медаль үшін өткен кездесуде мергендеріміз Италия құрамасына есе жіберді. Бұл сайыста Тайбэй жеңіске жетсе, екінші орынды Аустралия иеленді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз