Мерген Никита Чирюкин Әлем кубогы кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық Никита Чирюкин Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан финалға дейін жетті. Шешуші кезеңде Чирюкин төртінші орынмен шектелді.
Ал жарыстың жеңімпазы – үндістандық Виджайвир Сидху болды.
Екінші орынды италиялық Рикардо Мазетти иеленсе, қытайлық Юйхао Ян қола медаль алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз