UEFA президенті 16 жасар Дастан Сәтбаев туралы: ол нағыз жұлдыз болуы мүмкін

2025 жылғы 25 сәуірде Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (UEFA) президенті Александр Чеферин қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың трансферіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Чефериннің айтуынша, ол 16 жастағы Дастан туралы "Челси" клубының өкілдерінен көптеген оң пікір естіген.
"Оған сәттілік жолдас болса, нағыз жұлдызға айналуы әбден мүмкін", – деп жауап берді УЕФА президенті журналист Әділ Балтабаевтың сұрағына.
Сонымен қатар Александр Чеферин қазақстандық футбол деңгейіне қатысты да өз пікірін білдірді.
Бұған дейін "Барселона" мен "Реалдың" финалын Қазақстанда қайдан көруге болатындығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript