Жаңалықтар тізбегі
0

УЕФА футболдан Еуро-2024 чемпионатының ресми добын баршаға таныстырды

Доп, УЕФА, футбол, Еуро-2024 чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 21:55 Сурет: Instagram/EURO2024
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) 8 айдан кейін Германия стадиондарында басталатын Еуро-2024 чемпионаты добының ресми тұсаукесер рәсімін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fussballliebe - финалдық ойындар кезінде қолданылатын болашақ еуропалық чемпионаттың ресми добы. Ол 15 қарашада Берлиндегі олимпиада стадионының алдында өткізілген арнайы іс-шара кезінде таныстырылды, деп хабарлайды УЕФА баспасөз қызметі.

Fussballliebe неміс тілінен аударғанда "футболды құлай сүю" дегенді білдіреді. Доп қозғалысының әрбір элементін оқи алатын (бұрын-соңды болмаған) және УЕФА-ның видео-көмекшісінің көмегімен төрешілер шешімін қабылдау процесіне ықпал ететін Connected Ball технологиясы алғаш рет қолданылмақ. Доптың сыртқы қабығын CTR-CORE іштен ұстап тұр, ол дәлдік пен тұрақтылықты, максималды пішін мен ауаның сақталуы жылдам және дәл ойынды қамтамасыз етеді.

Доп, УЕФА, футбол, Еуро-2024 чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 21:55

Сурет: Instagram/EURO2024

FUSSBALLLIEBE дизайны жарқын жиектермен, қисық сызықтармен және нүктелермен ерекшеленетін қара қанат пішіндерінің арқасында доптың қозғалысы мен ойын энергиясын паш ете алады. Ашық қызыл, көк, жасыл және қызғылт сары түстерді пайдалану чемпионатқа қатысушы елдердің турнирге әкелетін күш-жігерін, бүкіл әлем бойынша жанкүйерлердің сүйіспеншілігін, футболдың қарапайымдылығын да көрсетеді. Допта әр ұйымдастырушы қаланың атауының жанында турнирдің әр стадионының суреттері де пайда болады.

Доп, УЕФА, футбол, Еуро-2024 чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2023 21:55

Сурет: Instagram/EURO2024

Германияда футболдан 17-ші Еуропа чемпионаты өтеді. Құрлықтық біріншіліктің финалдық кезеңі 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында, немістің 10 стадионында өткізу жоспарланған. Еуро-2024 чемпионатының ашылу матчы Мюнхенде, ал финал Берлиндегі аты аңызға айналған Olympiastadion-да өтеді.

Егер іріктеу кезеңінің қалған екі ойынында тапсырманы сәтті орындаса, Қазақстан құрамасы да футбол мерекесіне жол тартады. 17 қарашада біз өз алаңымызда Сан-Мариноны қабылдасақ, ал 21 қарашада Словенияға барамыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: