Мария Севостьянова таеквондодан клубтық Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан ашық клубтық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.
Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript