Ат спортынан Ташкентте өткен ірі қос турнирде отандық спортшылар сәтті өнер көрсетті

Ат спорты,  Ташкент, ірі турнир, Қазақстан спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 18:53 Сурет: olympic.kz
Ташкент қаласында (Өзбекстан) конкур бойынша Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық сериясы мен Әлем кубогының кезеңдері өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, бұл жарыста еліміздің намысын алты спортшы қорғады. Қазақстандықтардың нәтижесі төмендегідей:

  • Ксения Баталова – әртүрлі биіктіктегі кедергілер бойынша үш күміс медаль (120 см, 160 см, 140 см);
  • Олег Соболенко – бір күміс (125 см), сондай-ақ командалық жарыста қола жүлде;
  • Нұрила Тұрысбекова – бір күміс (130 см), екі қола (130 см және командалық жарыста);
  • Даяна Онаева – командалық жарыста қола медаль;
  • Бекжан Байжанұлы – бір күміс (130 см), бір қола (командалық жарыста).

Ташкенттегі жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 43 спортшы қатысты. Еуразиялық лига күнтізбесіне енген бұл кезең халықаралық маусым үшін аса маңызды болып саналады.

Бұған дейін Жамбылда қазақ күресінен "Қолбасшы Қойгелді" атындағы ІІІ республикалық турнир өткенін хабарлағанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: