Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Виктор Дмитриев өмірден өтті

Головкиннің алғашқы жаттықтырушысы Виктор Дмитриев өмірден өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 18:00 Сурет: olympic.kz
ҚР ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Дмитриевтің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпидалық комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды. Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Шын жүректен көңіл білдіруші, Геннадий Головкин", - делінген көңіл айту хатында.

Виктор Дмитриев 1953 жылы 26 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әскер қатарында қызмет етіп, кейін Қарағанды тау-кен техникумын тәмамдап, Костенко атындағы шахтада жұмыс істеген. Содан соң педагогикалық институттың "Дене тәрбиесі" факультетін бітіріп, 1987 жылдан бастап жаттықтырушылық қызметке кіріскен. Алғашында "Еңбек резервтері" қоғамында, кейін Қарағандыдағы түрлі спорт ұйымында еңбек етті.

40 жылдан астам жаттықтырушылық тәжірибесі бар Виктор Дмитриев Қазақстанда 10-нан астам спорт шеберін, 20-дан астам спорт шеберлігіне кандидаттарды тәрбиеледі. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен. Олардың ішінде ең танымалы — Геннадий Головкин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: