Қазақстан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші "алтынды" жеңіп алды

Қазақстан жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші "алтынды" жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2025 11:57 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында (Перу, Лима) жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ел қоржынына алтын медаль сыйлады.

Ксения қос сайыстың қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні көтерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова — 190 (88+102) келімен иеленсе, үшінші орынды ресейлік Полина Павлович — 189 (85+104) келімен еншіледі.

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионы атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: