Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет әлемдік рейтингіде алтыншы орынға көтерілді

Қазақстанның ұлттық әйелдер теннис құрамасы Billie Jean King Cup жаңартылған әлемдік командалық рейтингінде 12-орыннан бірден алтыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан теннис федерациясы бұл – ұлттық әйелдер құрамасының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
Қазақстандық құраманың алдына Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия және Франция сынды мемлекеттердің командалары түсе алмады.
Еске салайық, 2025 жылғы сәуірде біздің құрама іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, тарихында үшінші рет Billie Jean King Cup командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.
Әлемнің үздік сегіз құрамасы қатысатын финалдық кезең 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript