Ғұсман Қырғызбаев Астанадағы Grand Slam турнирінде күміс медальға ие болды

Қазақстан құрамасының спортшысы Ғұсман Қырғызбаев Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ғұсман Қырғызбаев финалда ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.
Айта кетейік, бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлде иеленсе, дәл осы салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript