Елена Рыбакина Франциядағы турнирдегі сәтті бастап, жанкүйерлерін қуантты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орында) Страсбургтегі турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық спортшы Қытай өкілі Ван Синьюйді (42-орын) екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина келесі кезеңде польшалық Магда Линеттпен (33-орын) кездеседі. Ол бүгін словакиялық Ребекка Шрамковадан (41-орын) 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.
Страсбургтегі турнир 18–24 мамыр аралығында өтеді.
Жүлде қоры — 925 661 еуро, оның ішінде жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтинг ұпайын иеленеді. Қазіргі чемпион — америкалық Мэдисон Киз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript