Елена Рыбакина Australian Open-дегі бастапқы кездесуін жеңіспен аяқтады

Елена Рыбакина Australian Open-дегі бастапқы кездесуін жеңіспен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 17:14 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 100-орындағы словениялық Кайя Юванмен шеберлік байқасты.

Рыбакина бірінші партияны брейкпен тәмамдады – 6:4. Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 3:1. Ақыры матчты эйспен түйіндеді – 6:3. Бір сағат 12 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйспен бірге 2 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Елена Рыбакина үшінші айналымға өту үшін әлемнің 77-ракеткасы, франциялық, түбі ресейлік Варвара Грачевамен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: