Төрт айда 345 медаль: Қазақстан спортшылары қауымының 2025 жылғы жетістіктері

Қазақстан спортшылары, 2025 жыл, жетістіктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2025 16:57 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың басынан бастап Қазақстан құрамасының олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлеріннен халықаралық жарыстарда тұрақты нәтижесі көрсетуде. Спортшылар қанжығысында тарихи жетістіктер мен түрлі медальдар жиынтығы бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қаңтар-сәуір айларында пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі - 30 алтын, 19 күміс, 19 қола. Бұл тізімде Қазақстан тарихында тұңғыш рет пара биатлонынан әлем кубогының қорытындысы бойынша хрусталь глобустың иегері атанған Ербол Хамитовтың жеңісін ерекше атап өткен жөн", делінген министрлік хабарламасында.

Ал Олимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері ел қоржынын 227 медальмен толықтырды, оның ішінде:

  • 189 медаль жазғы спорт түрлері бойынша (62 алтын, 66 күміс, 62 қола);
  • 38 медаль қысқы спорт түрлері бойынша (8 алтын, 17 күміс, 13 қола).
"Басты оқиғалардың бірі — Сербияда өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Бұл сында Назым Қызайбай Қазақстан боксының тарихында бірегей жетістікке қол жеткізіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ маңызды жетістіктердің тағы бірі – Михаил Шайдоровтың Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қол жеткізген күміс медалі. Бұл жетістік арқылы Қазақстан Милан-2026 Олимпиадасына жолдама еншіледі. Конькиші Евгений Кошкин екі мәрте Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанып, 100 метр қашықтықта бейресми әлемдік рекорд орнатты". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша қазақстандық спортшыларлың қоржынында 50 медаль бар — 31 алтын, 14 күміс, 5 қола.

Қазақстан құрмасы тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде Әлем және Азия чемпионаттарында 47 (29 алтын,8 күміс, 9 қола) медаль еншіледі:

  • Қазақ күресі: 20  медаль — 16 алтын, 2 күміс, 2 қола
  • Жамбы ату: 5 медаль — 1 алтын,  2 күміс, 2 қола
  • Дәстүрлі садақ ату: 12 медаль — 3 алтын, 3 күміс, 6 қола
  • Теңге ілу: 4 медаль — 3 алтын, 1 күміс
  • Аударыспақ: 6 алтын - барлық санат бойынша алтын жүлде.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы жалпы қортынды:

  • 392 медаль, оның ішінде: 160 алтын — 124 күміс — 108 қола.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: