Дзюдодан әлем чемпионаты: қазақстандықтар спортшылар жекелей жарыстардағы өнерін аяқтады

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 21:00 Сурет: International judo federation
Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады. Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.

Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: