Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында тағы бір финалға бірінші орынмен шықты

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында тағы бір финалға бірінші орынмен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 12:20 Сурет: olympic.kz
Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ақмарал Ерекешева таспамен жаттығуда іріктеуді тағы да бірінші орынмен аяқтап, 25.700 ұпай жинады. Еске сала кетейік, ол бұған дейін доп және шығыршықтағы жаттығуларда үздік атанып, финалға шыққан болатын.

Сондай-ақ, Айғаным Рысбек те жүлде үшін бақ сынайды. Ол ұршықтармен жаттығуда төртінші нәтиже көрсетіп, финалға өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: