Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 13:43 Сурет: olympic.kz
Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионатының жеке көпсайыс бағдарламасындағы финал аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының намысын Ақмарал Ерекешева қорғады. Төрт жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық гимнаст 115,800 ұпай жинап, жалпы есепте алтыншы орынға ие болды.

Бас жүлдені Германия өкілі Дарья Варфоломеев 119,500 ұпаймен жеңіп алды. Күміс медаль Болгария спортшысы Стилияна Николоваға бұйырды – 117,600 ұпай. Ал Италия өкілі София Раффаэли 117,550 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Ақмаралдың Франкфурттағы жарысы мұнымен аяқталмайды. 16 тамызда ол шығыршық пен таспамен жаттығу бойынша финалдарға қатысады.

Ерекшева үшін бұл әлем чемпионаты – мансабындағы ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: