Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын отандық спортшылардың аты-жөні жарияланды

Көркем гимнастика, әлем чемпионаты, Германия, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 17:59 Сурет: olympic.kz
Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.

Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.

Әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: