Қазақстандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық жеңіл атлет Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 17:16 Сурет: olympic.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды.

Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: