Бублик жайлы кейінгі жаңалықтар: "Уимблдон" қарсаңында не белгілі

Истборн турнирінің ресми сайты хабарлағандай, Қазақстан құрамасының көшбасшысы негізгі турнирлік сетканың матчтары басталардан бірнеше сағат бұрын өз өтінішін кері қайтарып алған. Оның орнына жарысқа АҚШ өкілі, лаки-лузер Дженсон Бруксби қатысады.
Бублик 2025 жылғы "Уимблдон" турнирінің негізгі сеткасында 28-нөмірмен тіркеліп отыр.
Қазір әлемдік рейтингінің жоғары сатысында тұрған көп ойыншы Бубликпен алғашқы айналымда ойнағысы келмейді – себебі Александр қазір мықты формада.
Бірнеше күн бұрын бұл жағдайға әзілмен Ресейдің бірінші ракеткасы Даниил Медведев те пікір білдірді:
"Командаңды жеңісімен құттықтаймын. "Уимблдонда" сенсация жасайсың деп үміттенемін. Бірақ менің сеткамның бөлігіне түспесең екен. Үшінші не төртінші айналымда Алькарас не Синнермен ойнағаның дұрыс болар еді", - деді Медведев.
Ол мұны әзілдеп айтты ма, шынымен солай ойлады ма – белгісіз. Бірақ қазір Бублик әлемдік ТОП ойыншылардың өзіне лайық қарсылық көрсете алады.
Бұл сөзге Галле турниріндегі нәтижесі дәлел:
Александр Бублик бұл турнирде мына мықтыларды жеңді:
- Янник Синнер (ATP №1);
- Томаш Махач (ATP №23);
- Карен Хачанов (ATP №19);
- Даниил Медведев (ATP №9).