Қазақстандық теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 17:28 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұптық сайыста үздік ойыншылар тізімінде Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бір саты жоғары көтерілді.

Бұған дейін теннисші тоғызыншы орында тұрған болатын. Енді Данилина сегізінші орынды иеленіп отыр.

Еске салайық, қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен ірі турнирдің финалында жеңіске жетті. Спортшы жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Шешуші матчта Данилина мен Боузкова Тайбэй өкілі Сэ Шувэй мен аустралиялық Майя Джойнтты жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: