Қазақстандық еркін күрес шеберлері Түркиядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
Сурет: United world wrestling
Қазақстан құрамасы еркін күрестен Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің құрамамыз жарысты бес медальмен аяқтады.
Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) пен Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) көтерілді.
Сонымен қатар команда қоржынына үш күміс медаль түсті. Начын Куулар (70 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) екінші нәтиже көрсетті.
Қазақстан командалық есепте Түркияға есе жіберіп, екінші орынға ие болды. Үшінші орын Болгарияға бұйырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript