Махмұд Сабырхан бокстан Астанадағы Әлем кубогы кезеңінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Махмұд Сабырхан елордадағы Әлем кубогының ширек финалында техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта Филиппин өкілі Джуд Аарон Бадомен қолғап түйістірді.
Махмұд жекпе-жек барысында қарсыласын төрт рет нокаутқа жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript