Анна Данилина "Уимблдон-2025" турнирін жеңіспен бастады

Анна Данилина "Уимблдон-2025" турнирін жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 21:01 Сурет: instagram/_annadanilina_
Бүгін, 3 шілдедн Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Уимблдондағы алғашқы кездесуін өткізді. Ол чехиялық Мария Боузковамен жұп болып, жарыстың екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы кезеңінде қазақстандық-чехиялық дуэт польшалық Катаржина Питер мен мысырлық Маяр Шерифтен 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Келесі кезеңде Анна мен Мария осы жарыстың басты фавориттерінің бірі – ресейлік Вероника Кудерметова мен бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Бұл жұп жарыстың сегізінші ракеткалары болып тіркелген.

Еске салайық, Елена Рыбакина "Уимблдон-2025" турнирінің жекелей сында екінші айналымда Грекия өкілі Мария Саккариден 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: