Қазақстандық тағы бір боксшы әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық тағы бір боксшы әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 21:30 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Айбек Оралбай 1/2 финалға шығу үшін италиялық Диего Ленциге қарсы айқасты. Нәтижесінде отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша басым түсті.

Осылайша, Айбек Оралбай кем дегенде Әлем кубогының қола жүлдесін Қазақстан құрамасының қоржынына салды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: