Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты

Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 17:04 Сурет: olympic.kz
Гуйянда (Қытай) өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңнен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы польшалық Виктория Рогалинскиді 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жеңіске жетті. Отандасымыз венесуэлалық Ирисмар Кардосоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы өз жекпе-жегінде Англия өкілі Патрис Мугалзайға есе жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: