Бокстан Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: Қазақстанның тағы үш өкілі жартылай финалға шықты

Санжар Тәшкенбай, бокс, Қытай, әлем кубогы кезеңі, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 17:13 Сурет: olympic.kz
Гуйянда (Қытай) бокстан әлем кубогы кезеңінің бесінші жарыс күніндегі күндізгі сессия аяқталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Сондай-ақ Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) да жартылай финалға шықты. Қазақстандық былғары қолғап шебері Қырғызстан спортшысы Анваржан Ходжиевтен басым түсті. Әйелдер арасындағы жарыста Виктория Графеева (60 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі О Ён Джиді сенімді түрде жеңді.

Ал Лаура Есенкелді (70 келіге дейін) мен Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін) жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, кешкі сессияда Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Бұған дейін Назым Қызайбай Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: